7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанды монеталар арқылы таны» сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк мәліметінше, монеталар сатуға шығарылатын күнге қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады. WORLD PAINTING коллекциялық монеталары Dpartners арт-агенттігімен коллаборациялық жоба аясында шығарылады.
Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасындағы фрагменті – Семей полигонында ядролық сынақтан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің бейбітшілік құсы – көгершін суреті мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев салған зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болып отыр, - делінген мәліметте.
WORLD PAINTING монета жобасы туралы:
Адамзатты біріктіретін туынды. Халықаралық әлеуметтік арт-жоба – әлем елдері өкілдерінің қолынан шыққан фрагменттер мозаикасынан тұрады. «Әлем бейнесі» бір қылқаламды бір-біріне беру арқылы ең көп адам қатысқан өнер туындысы ретінде Гиннес рекордын орнатты.
Арт-жобаға 200-дей елден 2070 адам бояу ізін қалдырды. Кенептің ұзындығы – 4 метр, биіктігі 1 метр 27 сантиметр. Бұл – жер шарының кішірейтілген ауқымдағы параметрлері. «Әлем бейнесі» туындысының көшірмесі халықаралық ғарыш станциясын да шарлап қайтты.
Арт-объект – планетаның барлық тұрғыны ұлтына, нәсіліне, дініне және тұрғылықты жеріне қарамастан Жер бетінде үйлесімділік пен келісім орнаған бейбіт әрі берекелі өмірді армандайтынының айқын дәлелі.
Кенепте Олжас Сүлейменов, Димаш Құдайберген, Александр Винокуров, Тимур Бекмамбетов, Николя Саркози, Рой Джонс, Бай Линг және басқа да танымал адамдар өз белгілерін қалдырды.
Монеталар:
- күмістен жасалды, сынамасы – 925/1000. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 62,2 грамм, диаметрі – 50 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 2 000 теңге. Монеталардың таралымы – 300 дана.
Күміс монеталардың бейнесі
- МН 25 нейзильбер қоспасынан жасалды. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңгелік. Монеталардың таралымы – 5 000 дана.
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі
Мельхиор монеталардың бейнесі
Монеталардың бәрі де Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Күмістен жасалған WORLD PAINTING монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ сапа сертификатымен кәдесый қаптамасында шығарылады. Мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?