Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҮкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қаржы нарығы агенттігімен бірлесіп қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк президент тапсырмасымен мынадай шараларды қабылдамақ.
Орта мерзімді кезеңде 5 проценттік тарифке жету үшін теңгерімді ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырамыз. Инфляцияны тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын сақтауға жағдай жасайтыны түсінікті. Ал бизнес үшін төмен инфляция инвестициялық жағдайға оң әсер етеді және нарықтық ставкаларды түсіруге, макроэкономикалық теңдікті арттыруға мүмкіндік береді, – деді Сүлейменов.
Ұлттық банк төрағасы нарықтағы ақша процесін басқару тиімділігін арттыру үшін банктерге тиесілі минималдық резервтік талаптарды белсенді түрде қолдана алатынын жеткізді.
Бұдан өзге айырбас бағамының және инвестициялық тартымды валюталық режимін сақтай отырып, валюта нарығының теңгерімділігін қамтамасыз етуге күш салынбақ.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов еліміздің резервтері мен қорларын тиімді басқаруды жалғастырып, бірыңғай зейнетақы қоры мен Ұлттық қорды басқаруды жетілдіретінін атап өтті.
Табысы жоғары активтердің үлесін арттырып, инвестицияларымызды тараптандыру жұмысын жалғастырамыз, – деді ол.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, Қаржы нарығы агенттігімен бірлесіп қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілмек.
Нақты секторды қаржыландыру үшін зейнетақы қоры мен Ұлттық қордың қаржысын тиімді әрі теңгерімді пайдалану мақсатында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңартуды қаржыландыру қорлардың қаражатымен қоса екінші деңгейлі банктің қаражатының тартылуын қамтамасыз ету жолындағы жұмыс басталады. Ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы банк жүйесін қатыстыра отырып, оны ары қарай дамытамыз. Оның құқықтық мәртебесін де заңнамалық тұрғыдан бекітіп, цифрлық теңге жобасын қолдану ауқымын кеңейтеміз, – деді Тимур Сүлейменов.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар