Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқпан айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 445,66 теңгеге жетіп 3,2%-ға нығайды. Ұлттық банк теңгенің нығаю себептерін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 103-тен 130 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бір ай ішінде валюта нарығы сұраныс пен ұсыныс тұрғысынан теңгерімді болып, айырбастау бағамы нарық талаптарына сай қалыптасты. Бағамның нығаюы «салық кезеңі» факторымен және шетелдік инвесторлардың ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарға кіруімен де байланысты болды», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.
Бұған қоса БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстап тұру мақсатында Ұлттық банк ақпанда биржалық сауда-саттықта шетел валютасын сатып алуды жүзеге асырды. Оның жалпы сомасы 226 млн АҚШ долларына шықты немесе нарықтың жалпы көлемінен шамамен 9% болды.
Ақпанда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?