Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамының серпіні мен қаржы нарығындағы соңғы үрдістер туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Айдың қорытындысы бойынша, теңге бағамы айтарлықтай өзгерген жоқ. Тоқсандық салықтарды төлеу тұрғысындағы міндеттемелерді орындау мақсатында экспорттаушылардың сатылымдары, сондай-ақ 500 млн АҚШ доллары көлемінде валюта түсімінің бір бөлігін міндетті түрде іске асыру аясында квазимемлекеттік сектор субъектілерін сату валюта нарығына қолдау көрсетті", деді Әлия Молдабекова.
Валюта нарығы бұрынғысынша орташа құбылмалылығымен және теңгерімділігімен сипатталады, бір ай ішінде интервенция жүзеге асырылмады.
"Қараша айында Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферттерді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюта нарығында 70 млн АҚШ долларын сатқан болатын. Бұл ретте жекелеген сауда күні ішінде операциялар көлемі 10 млн АҚШ долларынан аспады. Бұл – ҰлттықБанктің қарашада іске асырған валюта нарығындағы барлық операциялары, яғни, ешқандай да «жасырын» операциялар жүргізілген жоқ. Транспаренттілік қағидаты аясында біз ай сайын Ұлттық қордың және Ұлттық Банктің басқаруындағы басқа да қорлардың қаражатын конвертациялауды қоса алғанда, валюта нарығындағы іс-әрекеттеріміз туралы толық ақпарат беретінімізді атап өткім келеді", деп мәлімдеді Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?