Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық банктің дерегінше, қараша айында теңге доллармен салыстырғанда 3,3 пайызға күшейіп, ай соңында 1 АҚШ доллары 512,57 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ай ішінде Қазақстан қор биржасындағы күнделікті сауда-саттықтың орташа көлемі 271 млн доллардан 280 млн долларға дейін өскен. Жалпы сауда айналымы 5,6 млрд долларды құрады.
Қарашада республикалық бюджетке қажетті трансферттерді орындау үшін Ұлттық қордан 600 млн доллар сатылған. Бұл биржадағы жалпы сауда көлемінің 10,7 пайызына, яғни күн сайын шамамен 30 млн долларға тең.
Ұлттық банктің айтуынша, желтоқсан айында алдын ала жоспар бойынша бюджет қажеттілігін өтеу үшін Ұлттық қордан 400–500 млн доллар шамасында валюта сатылуы мүмкін. Сонымен қатар қарашада айналым операциялары аясында 475 млрд теңге алынған. Желтоқсанда да осы көлемді сату қарастырылған.
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, Ұлттық қор қаражатына қатысты операциялар мен теңгерімді қамтамасыз ету шаралары нарыққа қысым түсірмейтіндей, біркелкі әрі болжамды түрде жүзеге асады.
Қараша айында Ұлттық банк нарықта валюталық интервенция жүргізбегенін хабарлады.
Квазимемлекеттік сектор компанияларының міндетті түрде сатылатын экспорттық валюталық түсімі өткен айда шамамен 390 млн долларды құрады.
БЖЗҚ активтеріндегі валюталық үлес бұрын белгіленген шектен жоғары болғандықтан, Ұлттық банк қарашада зейнетақы портфелі үшін доллар сатып алмаған. Желтоқсанға да дәл осындай шешім жоспарланып отыр.
Ұлттық банк валюта саясаты туралы ақпаратты ашық жариялап отырғанын атап өтті. Қысқа мерзімді кезеңде теңге бағамының қозғалысы төмендегі факторларға байланысты болмақ:
- нарық қатысушыларының күтулері;
- тоқсандық салық төлемдері;
- әлемдік қаржы нарықтарындағы ахуал;
- геосаяси өзгерістер.
Ұлттық банк теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеуді және елдің алтын-валюта резервтерінің қауіпсіз деңгейін сақтауды мақсат ететін теңдестірілген саясатты жалғастыратынын жеткізді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?