Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Ұлттық банкі "Спорт" сериясынан "Қазақстанның футбол клубтары" және "Қазақстанның футбол федерациясы" коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Монеталардың сатылымға шығатын күні туралы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша орналастырылады.
ҚҰБ Қазақстан футбол федерациясымен бірлескен жоба аясында "Қазақстанның футбол клубтары" коллекциялық монеталарының 13 түрін айналысқа шығарады. Монеталарда 2024 жылғы маусымның ҚР премьер-лигасы клубтарының логотиптері бейнеленген. Монеталар әр түрінен 7000 дана таралыммен дайындалады. Оның 5000 данасы жеке блистерде және әр түрінен 2000 монета "Қазақстанның футбол клубтары" кәдесый блистер жиынтығында жинақталады.
Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы – әр түрінен 7000 (жеті мың) дана.
"Қазақстанның футбол федерациясы" монетасында Қазақстан Футбол Федерациясының логотипі бейнеленген. Ол 2000 дана таралыммен дайындалып, "Қазақстанның футбол клубтары" кәдесый блистер жиынтығының құрамында сатылады.
Монеталар мельхиор (МН 25) қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге, таралымы –2000 (екі мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?