7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан Cu (мыс) коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Коллекциялық монеталар 2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап ҚҰБ интернет-дүкені арқылы сатылады.
Cu (мыс) – «Қазақстанның жер қойнауы» монеталарының жаңа сериясын ашады. Бұл серия Қазақстанның жер байлығын ашуға арналған. Оның аясында Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бөлшектері бар, жаңа технологиямен күміс монеталарды әзірлеу жоспарланған. Монета дизайнында Менделеев кестесі мен Cu (мыс) химиялық элементінің айшықталған бөлігі ұсынылып отыр.
Күміс монеталардың сынамасы – 925. Массасы – 32,9 грамм (күміс массасы – 31,1 грамм, мыс қосылған элемент массасы – 1,8 грамм), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1000 теңге, таралымы – 1000 (бір мың) дана.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылданады, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынады, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?