Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҰлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайыз деп белгіледі. Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz
“Ұлттық бактің ақша-кредит саясаты комтеті 27 қазаннан бастап базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтеру жөнінде шешім қабылдады. Шешім инфляцияның жеделдеуіне және бағаның өсуі біздің болжамды бағалауымыздан едәуір жоғары қалыптасуына байланысты қабылданды. Биылғы жолдың соңына қарай инфляцияның 16-18 пайыз аралығында қалыптасатынын болжаған едік. Қыркүйек айында нақты инфляцияның жасалған болжамнан асып түсуі, инфляциялық күтулердің оң фискалдық серпін аясындағы инфляцияның компоненттерінің тұрақтылығының, жоғары сыртқыинляцияның, тауар жеткізу жолдарының бұзылуының, Ресейден жоғары инфляиця импортының жалғасуының, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуінің салдарынан орыналды. Инфляцияның тұрақты өсуінің айқын белгілері байқалуда”, -деді банк төрағасы.
Сондай-ақ ол қазіргі инфляцияның өсуі ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтті.
“Мұндай жағдайда оның қарқынды өсуі ұзаққа созылуы ықтимал. Осының бәрі ақша-кредит талаптарын қатаңдатуға бағытталған шешуші шаралар қабылдауды қажет етеді. Нақты базалық мөлшерлеменің өзінің қалыпты мәнінен ұзақ уақытқа айтарлықтай ауытқуына жол бермеген жөн. Себебі бұл инфляциялық процестің бақылаудан шығуына әкеліп, кейінгі жылдары инфляцияны тұрақтандыру мүмкіндігін азайтады”,- деді Ғалымжан Пірматов.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?