13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 16,5% деңгейінде, +/-1 п.т. дәлізімен сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық банк мәліметінше, бұл шешім инфляция тәуекелдерінің өсуі мен жаңартылған экономикалық болжамдарға байланысты қабылданды.
2025 жылғы мамырда жылдық инфляция 11,3%-ды құрады. Бағаның өсуіне реттелетін тарифтер мен қызметтер құнының қымбаттауы, азық-түлік инфляциясының жеделдеуі, сондай-ақ тұтынушылық сұраныс пен өндіріс шығындарының артуы әсер еткен. Халықтың инфляциялық күтулері де 14,1%-ға дейін көтерілді, - делінген мәліметте.
Сыртқы факторлар қатарында Ресейдегі жоғары инфляция, әлемдік азық-түлік бағасының өсуі және жаһандық нарықтағы тұрақсыздық атап өтілді. Brent мұнайының бағасына қатысты болжам да барреліне 60 долларға дейін төмендеді.
Ұлттық банк 2025 жылы инфляцияны 10,5-12,5% аралығында, 2026 жылы 9,5-11,5% деңгейінде болады деп күтуде. Ал 2027 жылға қарай инфляцияны 5,5-7,5%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.
Экономикалық өсім 2025 жылы 5-6%, 2026 жылы 4-5% деңгейінде болжануда. Өсуге ішкі сұраныс, инвестициялық белсенділік және құрылымдық реформалар ықпал етеді, - деп қосты банк.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт бойы жоғары деңгейде ұстау қажет деп санайды және қажет болған жағдайда оны қайта көтеруге дайын екенін мәлімдеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды