18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ұлттық банк алдағы оқу жылына 50 білім грантын бөлетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, бағдарламаның мақсаты – Ұлттық Банк пен оның еншілес ұйымдары үшін, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үшін білікті кадрлар даярлау.
Білім беру бағдарламалары мынадай: «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары бизнес мектебінде «Қаржы бойынша ғылым магистрі» – 15 грант, «Нархоз университеті» КЕАҚ «Қаржы талдаушысы», «Қаржылық тәуекел менеджмент», «Макроталдау және болжау» – 20 грант, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ «Қаржылық тәуекел, менеджмент және деректер туралы ғылым», «Макроқаржы және деректер туралы ғылым» және «Қаржылық технологиялар» – 15 грант.
Бағдарламалар аясында қаржы, экономика, қаржылық технологиялар, бухгалтерлік есеп, тәуекел-менеджмент, статистика, эконометрика, математика, машиналық оқыту және бағдарламалау бойынша мамандар даярланады.
Осы бағдарламалар бойынша оқу кезеңінің басталуы 2023 жылғы тамыз-қазанға жоспарланған. Оқуға түсу үшін кандидаттар Университеттердің талабы мен өлшемшартына сәйкес, конкурстық іріктеуден өтеді. «Назарбаев Университеті» ДББҰ бағдарламасы бойынша оқу кезеңінің ұзақтығы – 16 ай, «Нархоз университеті» КЕАҚ және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ бағдарламалары бойынша – 2 академиялық жыл. Оқу аяқталғаннан кейін Ұлттық Банкке және оның еншілес ұйымдарына, сонымен қатар ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жұмысқа орналасу көзделген.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр