Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚазақстан Ұлттық Банкі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашу, сондай-ақ қызметтік куәліктерді қолдан жасауға байланысты жаңа алаяқтық схемалар пайда болғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алаяқтар WhatsApp, Telegram мессенджерлерінде немесе ВКонтакте, Одноклассники, Facebook әлеуметтік желілерінде Қазақстан Ұлттық Банкі басшылығының атынан жалған аккаунттар ашып, сол арқылы жаппай фишинг хабарламалар таратуда.
Тексерілмеген аккаунттарға және күмәнді телефон қоңырауларына сенбеуге, жеке мәліметтерін жария етпеуге, күмәнді сілтемелерге кірмеуге, бөтен адамдардың нұсқауы бойынша HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және басқа да бағдарламаларды орнатпауға шақырамыз. Себебі алаяқтар интернет-банкингтегі жеке кабинетіңізге кіріп, ақшаңызды шоттан шығарып алуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Қазақстан Ұлттық Банкі жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын, сондай-ақ халықпен ақшалай есеп айырыспайтынын еске салады. Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің 1477 қысқа нөмірлі байланыс орталығына хабарласуға болады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар