6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық академиялық кітапханасында белгілі жазушы, драматург, сценарист Әкім Таразидің академиялық залының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара барысында жазушының XIII томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті. Шығармалар жинағына жазушының романдары, аудармалары, драматургиясы, тарихи зерттеулері сияқты шығармалары топтастырылған.
Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиеттанушылар, зиялы қауым өкілдері, сондай-ақ, Әкім Таразидің жары Роза Мұқанова қатысты. Кітапхананың төртінші қабатында орналасқан жайлы, заманауи Әкім Тарази залы алдағы уақытта ғалымдарға, доктаранттарға, қаламгердің шығармашылығын насихаттап, зерттеп жүрген оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетедi.
Залға жазушының жеке қоры, фотосуреттері, кітаптары мен коллекциялары қойылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі