6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер«Qazaqstan» телеарнасының 65 жылдық мерейтойына орай «Қарашаңырақ. Қазақ телевизиясына 65 жыл!» салтанатты шара басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мерейтойға Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, телевизия ардагерлері, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысуда.
Қазақ тележурналистиканың негізін қалаған және Ұлттық арнаның келбетіне айналған ардагерлерге құрмет көрсетілді.
Көштің басында жүрген алтын әріппен жазылған телевизияның ардагерлері арнайы төсбелгімен марапатталды.
Олар сүбелі сұхбат пен мәдениет, руханиятқа зор үлес қосқан жандар. Ұлттың ұйытқысына айналған Ұлттық арнаның жанашырлары.
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мерейтойға арнайы жолдаған құттықтау хатын оқыды.
Сондай-ақ, мемлекеттік кеңесші ұлттық арнаға табыс тілеп, 65 жылдық мерейтойымен құттықтады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі