Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазан айында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Австрия (10 қазан) мен Словенияға (13 қазан) қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан футбол федерациясы тізімге 36 ойыншы енгенін мәлімдеді.
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Михаил Габышев («Елимай»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әдилбек Жұмаханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Арман Кеңесов («Ақтөбе»), Аслан Дарабаев («Елимай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Турция), Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Эльхан Астанов, Рамазан Кәрімов (оба – «Астана»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей);
Нақты тізім шыққанға дейін өзгеріс болуы мүмкін.
Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Австрияның Кремс қаласында басталып, 9-ына дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 10 қазан күні ұлттық құрама сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 23:45-те.
Үш күннен кейін біздің команда Словенияны қабылдайды. Ойын Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?