6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандық футболшылар В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.
Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Аталған ойында тас төреші Жоау Пиньейру міндетін атқарады.
Өз тарихында екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде кездесіп, екі ойында да қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Ұлттар лигасының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, Словения мен Австрия 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Қазір бұл топтағы командалардың барлығында бір ұпайдан бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі