Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Жайлы мектеп» туралы талқылау кезінде депутат Ерлан Саиров мектеп құрылысында монополия болдырмаудың амалдарын қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мемлекетіміз бен елімізге қажет жоба ғой. Бірақ осы жобаның кейбір олигархиялық топтардың мүддесіне пайдаланып кетпеуін қарастыру керек. Шынын айту керек, құрылыс саласында монополия жасап алған фирмалар бар. Олар кезінде бұрынғы биліктің өкілдерімен ымыраға барып, Қазақстанның құрылыс саласын көптеген жерде монополия жасап алған. 3-4 жылдың ішінде сол фирмалардың әлеуметтік маңызы бар құрылыстарды қалай салғанын білеміз. Мысалы, пандемия кезінде BI Group компаниясы 4-5 млрдқа салып, соңынан тексергенде 2-3 млрд жоқ боп шықты, - деді депутат Саиров.
Депутат Қазақстанның әрбір тиыны халық үшін қымбат екенін айтып, конкурс болған кезде қоғамдық бақылау жүргізу керегін мәлім етті.
Мәжілісмен тендерлік комиссияға депутаттарды енгізуді ұсынды.
Шынын айту керек, мен сіздерге сенбеймін. Мен оны жасырмаймын. Үлкен бір жоба жасап жатырмыз деп халыққа айтып, бір жылдан кейін ұятқа қалып отырмайық. Мына жерде мектеп салынбай қалыпты, ана жерде салынбай, фирма банкрот болыпты дегенді естіп жүрмейік. Осыны қаперлеріңізге алсаңыздар, - деп айтты Ерлан Саиров.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?