2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Өнер қырандары» театрының актері Меліс Наурызбековтің денсаулығы күрт нашарлады. Әріптесі Мадияр Серікбаевтың айтуынша, беліне жасалған операциядан кейін дәрігерлер оған 6 ай бойы тынығуға кеңес берген. Алайда актер гастрольдік сапарларға қатысып, қазір орнынан тұра алмай қалған. Бір кездері Америкаға барып, Түркияда кәсіппен айналысқан өнер иесінің жағдайы көпшілікті алаңдатып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қандай диагноз қойылған?
Мадияр Серікбаевтың сөзінше, актердің белі сыр беріп, оған операция жасалған. Дәрігерлер оған ұзақ уақыт тынығуға кеңес бергенімен, Меліс Наурызбеков гастрольдік сапарға шығып кеткен.
Меліс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Талдықорғанға әрең барып келгенде 1 рет емдетті. Тағы да тұра алмай қалды. Концертке ауруды басатын дәрі егіп шықты. Белден төмен қарай істемей қалды. Тұра алмай жатыр, – деді ол.
Театр басшысы көпшіліктен актердің тезірек сауығып кетуі үшін дұғада болуды сұрады. Қазіргі таңда өнер иесінің нақты диагнозы мен алдағы ем-дом шаралары туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
Меліс Наурызбеков кім?
Меліс Наурызбеков – қазақстандық көрерменге «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театры арқылы танылған актер. Ол ұжымның негізін қалаған алғашқы мүшелердің бірі саналады. Театрдың шығармашылық жолы КВН ойындарынан басталып, кейін жеке театр ретінде қалыптасты.
Мен әлі де үлкен миссияны орындайтын адам сияқтымын. Сондықтан ізденісте жүремін, – деген еді Меліс Түнгі студия бағдарламасына берген сұхбатында.
Әріптестерінің айтуынша, Меліс үнемі тіл үйреніп, шетелдіктермен сөйлесіп жүреді. Тіпті YouTube-тан домбыра да үйреніп алған. Меліс 5-6 жыл Skype-пен ағылшынша үйреніп Америкаға, одан кейін түрікше үйреніп карантинде 1 жыл Түркияға барып саудамен де айналысқан. 2022 жылы жеке қуыршақ театрын да ашқан.
«Өнер қырандары» қандай ұжым?
Өнер қырандары – 2007 жылы құрылған театрлық ұжым. Оның мүшелері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған кәсіби актерлерден құралған. Ұжым алғашқы қадамдарын КВН сахнасында жасап, кейін ел көлемінде танымал әзіл-сықақ театрына айналды. Бүгінде театр концерттік бағдарламалармен қатар кино жобаларына да қатысып келеді.
Театрдың алғашқы құрамында Меліс Наурызбеков, Мадияр Серікбаев, Әнуар Шымырқұлов және Дана Тұрарбек болған. Кейін ұжымға Құдірет Топаев, Жанболат Найзабеков және Сырымбет Бейбосынов қосылған.
Желі қолданушыларының пікірі
Меліс Наурызбековтің денсаулығына қатысты хабар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Көпшілік актерге қолдау білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі.
Мәкеңнің келесі әзілі ме деп ойлап қалдық. Расында ауырып қалған ба, – деп жазды Мирас Арзымбетов.
Ал Гүлмира Хасенова есімді оқырман бел жарығы болған кезде жол жүруге болмайтынын, отадан кейін күтім керек екенін айтты.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова