30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТату дәрет пен намазға кедергі емес, дегенмен Ислам дінінде оны денеге салу үлкен күнә болып есептеледі. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұйым татуажға қатысты жаңа пәтуасын жария етті.
Татуировка – тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Ғұламалар татуировканың харам екендігіне бірауыздан келіскен. Ол – үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру болып саналады, - делінген мәліметте.
Ғұламалар кеңесі денеге сурет салуға тыйым салынатынын, мүмкіндік болса оны кетіру керектігін алға тартты.
Денеге татуировка салу – харам, үлкен күнә. Тәубе етіп, мүмкіндік болса, оны кетіруі керек. Татуировканы кетіру денсаулыққа зиян болса, оны қалдырудың оқасы жоқ. Ол дәретке, намазға және имамдыққа кедергі болмайды, - деп қосты кеңес.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды