29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБұл күндері Пхенчхенде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салған Юлия Галышева туралы не білеміз?
Ол 1992 жылдың 23 қазанында Өскемен қаласында дүниеге келген. Қазір Спорт және туризм академиясында оқиды.
Юлия 4-5 жасынан бастап, фристайл спортымен шұғылдана бастады, ал 10-11 жасында алғашқы жарыстарына шыққан.
Алғашқы әлем чемпионатына 2007 жылы қатысқан Юлия 30 спортшының ішінде 21 орынға тұрақтаған.
Пченчхан – Юлияның спорттық мансабындағы 3-олимпиадасы. Ол Ванкуверде өткен ойындарда 11 сатыға тұрақтаса, Сочидегі ақ олимпиадада 7 орыннан көрінді. Ол Сочиде төрешілер тарапынан алған әділетсіз бағасына наразы болып, спорттық мансабын аяқтағысы келген еді...
Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард еліміздегі фристайл спортын құтқарып қалған спортшылар. Бұл спорт түрін 7-8 жыл бұрын тіптен жауып тастағысы келген, бірақ қос спортшы халықаралық турнирлерде, Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстандағы фристайлды сақтап қалды.
Галышева Азиада-2011 мен Универсиада-2015 ойындарының алтын жүлде иегері, сондай-ақ әр түрлі жылдары Әлем кубогы мен Әлем чемпионатында биік тұғырдан көрінген.
Юлия бір ай бұрын қолын жарақаттап алған еді. Ол гипске оралған қолымен жарыс жолына шығып, елімізге алғашқы Пхенчхен қоласын тарту етті. Оның медалі Қазақстанның жалпы қысқы ойындардағы 8-жүлдесі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек