Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиылғы 3 қаңтарда Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін ұландықтар қырағылық танытты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталмыш оқиға ҚР ІІМ Ұлттық ұланының "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6637 әскери бөлімінің әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Аян Кулаков, сондай-ақ патрульдеуші қатардағы жауынгерлер Тимур Жайылықов пен Ильхам Мәметовтың патрульдеу бағытында болды.
Сағат 20:40 шамасында әскери қызметшілер қала көшелерінің бірінде екі кішкентай қызды байқады. Ұландықтар оларға жақындап, кешкі уақытта неге жалғыз жүргендерін сұрады. Қыздар адасып қалғанын және ата-аналарын таппай жатқанын айтты.
Уақыт жоғалтпай, әскери қызметшілер оқиға туралы әскери жасақ бойынша кезекшіге баяндап, іздеуге кірісті. 20 минуттан кейін олар балалардың ата-аналарын тауып, қыздарымен қауыштырды.
Бұл біздің күнделікті қызметіміз. Біздің мақсатымыз-адамдарға көмектесу, бұл жолы біз кішкентай қыздарға қысқа мерзімде көмектесу үшін бәрін жасадық, – деп атап өтті әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Аян Кулаков.
Балалардың ата-аналары жедел көрсеткен көмегі үшін ұландықтарға шын жүректен алғыстарын білдірді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары