Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар«Жеңіске 100 күн» патриоттық акциясы аясында 3656 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тыл ардагері Евгений Журавскийге барып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Аманжол Байғуанышев пен Әйелдер кеңесінің төрайымы лейтенант Ақмарал Алдабергенова ардагердің өмір жолы мен еңбек ерлігі туралы әңгімелерін тыңдап, алғыстарын білдірді.
Ардагерлердің ерлігі мен еңбегін құрметтеу – біздің қасиетті борышымыз. Олардың жанқиярлығы, еңбекқорлығы мен қайсарлығы бізге бейбіт өмір сыйлады. Осындай кездесулер – Жеңіске үлес қосқан жандарға ризашылығымызды білдірудің маңызды мүмкіндігі, - деп атап өтті подполковник Аманжол Байғуанышев.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы ардагерлерге ерекше қолдау көрсетіп, тарихи жадыны сақтау мақсатында естелік кездесулер, қайырымдылық акциялар және түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?