Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери музыканттары су бетінде ерекше музыкалық қойылым өткізді. Бұл тың форматтағы концерт Елорда күніне орай ұйымдастырылған «Әскери керней» XI әскери-музыкалық фестивалінің аясында өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Есіл өзенімен жүріп өткен су көлігінің бортында Ұлттық ұланның Үлгілі-көрсетімді оркестрі танымал патриоттық марштарды, заманауи шығармаларды және халық әндерін орындады. Жағалауда серуендеп жүрген қала тұрғындары мен қонақтары қозғалмалы сахнадан орындалған музыканы зор ықыласпен қабылдап, қошемет көрсетті.
Мұндай формат - тек көрермендер үшін ғана емес, біздің музыканттар үшін де жаңа тәжірибе. Біз елорда тұрғындарына ерекше көңіл-күй мен жарқын әсер сыйлағымыз келді. Бұл сәт олардың есінде ұзақ сақталады деп сенемін, - деді оркестрдің дирижері Төрехан Жаудинов.
Өзен үстіндегі қойылым фестивальдің басты ерекшелігіне айналып, әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Желі қолданушылары іс-шараның креативтілігін атап өтіп, бейнежазбалар мен фотолармен бөлісті.
Айта кетейік, жыл сайын ұйымдастырылатын «Әскери керней» фестивалі әскери-музыкалық өнерді дамытуға, күштік құрылымдар мен қоғам арасындағы мәдени байланысты нығайтуға, сондай-ақ жастардың патриоттық тәрбиесін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар «Ғашықтар», «Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрі, Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының орталық ансамблі мен әскери оркестрі, Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблі және ҰҚК Шекара қызметінің орталық ансамблі өнер көрсетті.
Мерекелік шара 6 шілдеде де жалғасады. Фестивальдің басты оқиғасы - «Қазақ елі» алаңында өтетін Гала-концерт болмақ. Салтанатты кеш 16:30-да басталады.
Концерт барысында әскери музыканттар қазақ және әлем эстрадасынан попурри, сондай-ақ әскери әндерді орындайды. Шара барысында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Құрмет қарауыл ротасының саптық дефилесі де көрсетіледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?