Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОрал қаласының көшелерін патрульдеу кезінде 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көмекке шақырған адам дауысын естіген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дауыс шыққан жерге жеткен сарбаздар жасөспірімдердің физикалық қысымына тап болған қызды анықтады.
Ұландықтардың кәсібилігі мен батылдығының арқасында екі агрессивті жасөспірім сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылды. – Біз қызды көріп, оған көмек қажет екенін бірден түсіндік. Балалар арасындағы дау төбелеске айналған. Біз дереу орталарына түсіп, жағдайды реттедік, – дейді қатардағы Галамат Нұрберген.
Буллингке ұшыраған қыздың анасы Татьяна Ефремова егер ұландықтар көмекке келмегенде баласының денсаулығына әлдеқайда ауыр зардаптар келуі мүмкін екенін атап өтті. Ол 5517 әскери бөлімінің құрамына алғыс білдірді. Ұсталған жасөспірімдер құқық қорғау органдарына тапсырылды, ал қызға қажетті медициналық көмек пен қолдау көрсетілді.
Осылайша ұландықтар құқықтық тәртіп әскер әрқашан көмек қажет жерден табыла кететінін тағы да дәлелдеді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?