28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы және Ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге тыл ардагері отставкадағы майор Бакешев Ғалымжан ақсақалмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында тыл ардагерінің шаңырағына ат басын бұрып, әрі Ұлттық ұланның құрылған күнімен арнайы құттықтай келген ұландықтарды қарт ардагер Ғалымжан Жүнісұлы мен өмірлік жары Қоныскүл апа қуана қарсы алды.
Соғыс басталған уақытта Ғалымжан ата небәрі алты жаста еді. Өзі сияқты буыны бекіп, бұғанасы қатпаған өрендердің балалық шағын соғыс ұрлаған болатын. Олар сәби болып еркелемеді, бала болып ойнамады, еңбекке ерте араласып, ауылдағы ер-азаматтардың орнын басты, әйел-аналарымен бірге тылда еңбек ете жүріп, Жеңіс күнінің жақындауына үлесін қосты.
Қазір соғыс жылдарындағы балалардың еңбегі еленіп, тыл ардагерлеріне теңестірілген. Ғалымжан ақсақалға да осы мәртебе берілді. Сонымен қатар Ғалымжан Жүнісұлы – Ұлттық ұланның қарт ардагерлерінің бірі. Ол 1960 жылдан бастап КСРО-ның Ішкі әскерінде әр түрлі қызметтерде болған. КСРО ІІМ Қазақ ССР-і және Қырғыз ССР-і бойынша Ішкі әскер басқармасында саясат бөлімінің нұсқаушысы лауазымында зейнетке шыққан.
Сіз ұдайы Ұлттық ұлан жауынгерлеріне әскери-патриоттық тәрбие беру жұмысына белсенді атсалысып келесіз. Оларға жауынгерлік қызметтерін орындауда ақыл-кеңес, көмек беруден жалыққан емессіз. Сіздің өнегелі өміріңіз, тағылымға толы тәжірибеңіз біз үшін өте құнды. Сізді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабековтың және жеке өз атымнан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы күнімен құттықтаймын! Денсаулығыңыз мықты болсын! – деп тілек білдірді Қайрат Жарылқасынұлы.
Өз кезегінде генерал-майор Қайрат Үмбетов қарт ардагерге Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының алғыс хатын табыстап, сый-сияпат жасады. Қарт ардагер ұландықтардың құрметіне риза болып, ақ батасын берді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?