23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы "Орталық" өңірлік қолбасшылығына қарасты 6505 әскери бөлімінің әскери қызметкері жол көлік оқиғасына түскен тұрғынның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Қарағанды-Астана бағытындағы тас жолда орын алған. Сол сәтте Ұлттық ұлан сержанты Жалғас Төлебаев інісі Ерболат Төлебаевпен бірге Мичурино елді мекенінің маңайында болған. Ағайындылардың көз алдында жоғары жылдамдықпен келе жатқан Lada Priora маркалы көлігі жол апатына ұшырайды.
Оқыс жағдайға куә болған ұландық жауынгер еш ойланбастан зардап шегушіні аударылған көліктен жылдам алып шығып, жедел-жәрдем шақырады. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткенше жарақат алған жүргізушіні өз көлігіне апарып, оған алғашқы көмек көрсетеді.
Бұл іс-әрекетімді ерлік деп санамаймын. Себебі еліміздің әрбір тұрғынына көмектесу — біздің парызымыз. Мен бұл оқиғада, тек өзімнің қызмет барысында жинаған кәсібилігімді қолданып, шұғыл көмек көрсеттім, - дейді 6505 сержант Жалғас Төлебаев.
Аталмыш оқиға аясында әскери қызметкердің көрсеткен кәсіби көмегінің арқасында жедел-жәрдем қызметкерлері зардап шеккен тұрғынның өмірін құтқарып қалды. Жол-көлік оқиғасына түскен азамат ауруханаға уақытылы жеткізіліп, тиісті ем алуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік