Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?Қытайдың Үрімші қаласында «Өткір қанжар» халықаралық мергендер сайысы өз мәресіне жетті. Әлемнің 18 елінен келген 60-қа жуық снайперлік жұптың қатысуымен өткен бәсекеде Қазақстан ІІМ Ұлттық ұланының құрама командасы жоғары нәтижелер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 6-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ерекше марапат «Тарзан» лақап атты сарбазға бұйырды. Ол аңызға айналған «Қанжар» жаттығуында 2018, 2023 және 2025 жылдары үш мәрте топ жарған жалғыз қатысушы ретінде тарихқа енді.
Ұлттық ұлан мәліметінше, жарыс барысында қатысушылар нақты ұрыс жағдайына барынша жақындатылған тапсырмаларды орындады. Олар мергендік дәлдік, тактикалық маневрлер, кепілге алынғандарды босату және позицияны жабдықтау элементтері бойынша сайысқа түсті. Барлық бағытта «Burkit Team» құрамасы кәсіби шеберлік пен жоғары үйлесімділікті көрсетті.
Қазақстандық команданың (лақап аттары бойынша) ең үздік нәтижелері:
«Кепілді босату» жаттығуы:
1-орын — Немец пен Бензема;
3-орын — Тарзан мен Дукс;
(медаль және Алғыс хатпен марапатталды).
«Позицияны жабдықтау» жаттығуы:
3-орын — Тарзан мен Дукс;
(медаль және алғыс хатпен марапатталды).
Жұптық мергендік ату бойынша жалпы есеп:
6-орын — Немец пен Бензема;
(дипломмен марапатталды).
«Қанжар» жаттығуы — дәлдікті талап ететін ең әсерлі кезеңдердің бірі:
Тарзан, Бензема және Саха арнайы турнир символы – «Қанжар» иегерлері атанды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының снайперлік жұптары ең үздік тактика қолданғаны үшін арнайы Кубокпен марапатталды. Бұл — отандық әскери қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен тактикалық сауаттылығын мойындау деп бағаланды.
Кеше, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды