Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағандыда ұландық офицер өртке оранған пәтерден егде жастағы әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық ұланға қарасты 6505 әскери бөлімінің ротасының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі командирінің орынбасары Дастан Сайлаубеков пәтерлердің бірінен түтін шығып жатқанын байқаған. Ол бірден құтқару қызметтеріне хабарласып, көмектесуге ұмтылыпты.
Дереу жедел қызметтерге қоңырау шалып, пәтерге қарай жүгірдім. Есікті шамамен 60 жастағы әйел ашты. Ішке кірсем, асүйде газ плита мен сорғыш жанып жатыр екен, — дейді офицер.
Дастан Сайлаубеков өрт сөндірушілер келгенше ылғал сүлгімен отты сөндірген. Кейін абдырап қалған пәтер иесін сыртқа – баспалдақ алаңына шығарып, құтқару қызметтері келгенше жанында болып, моральдық қолдау көрсеткен.
Ұлттық ұлан қызметкерінің жедел әрекетінің арқасында қызыл жалын басқа бөлмелерге таралып үлгермеген.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек