Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Астанада «Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Партия төрағасы Азат Перуашевтың төрағалығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы және сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да бұзып тұрғанына баса назар аударды.
Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.
Ұлттық кеңес шешімі бойынша А.Әбілдаевты «Ақ жол» демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты А.Әбілдаевтың депутаттық мандатын тоқтату туралы «Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына хат жолдады", - делінген хабарламада.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары