Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚарағанды облысында Украинаның Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Иван Кулеба болып қайтты.
Аймақ басшысы Ерлан Қошанов пен Иван Кулеба әртүрлі салаларда өзара даму перспективаларын талқылады.
Бұдан соң құрметті мейман Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде болып, этномәдени орталықтардың жұмысымен, музеймен, «Шабыт» көрме залымен танысты.
Елші келген күні Достық үйінде «Қазақтану» жобасы аясында «Нұрәсем» Сән үйінің ұлттық киімдер көрсетілімі, Т.Г. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі облыстық серіктестігінің 27 жылдық мерекесі аталып өтілді. «Рідне слово» - облыстық және республикалық шаралардың басы-қасында жүрген белсенді орталық.
Бірқатар шараларға қатысқан Иван Кулеба украиндықтардың мәдениетін, тілін және дәстүрін сақтауға барлық мүмкіндік жасалғанына баса назар аударды. Қазақстада қазріргі таңда 40 мың украиндық тұрады.
Дәстүр бойынша елші мырза музейдің тілек кітабына өз ілтипатын жазып қалдырды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек