Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыКүйеуінің жұмыс бабымен Шымкентке келген украиналық келіншек бала босанды. Диана Щебетун толғағы қысып, жедел жәрдем қызметімен перинаталық орталыққа жеткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат.
Жүктіліктің 33 аптасында мерзімінен бұрын босанған әйелдің нәрестесіне дәрігерлер шұғыл операция жасады. Сәбиге «өңештің артрезиясы» диагнозы қойылған. Өңештегі туа біткен ақауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өткен.
1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері үйіне шығарды.
Қалалық әкімдіктегілер барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілгенін айтты.
Айта кетсек, Украинадан келген азаматшаның мамандығы - дәрігер. Жолдасы «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар