Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Украинаға қарсы соғысып, тұтқынға түскен Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жуырда әлеуметтік желілерде тұтқынға түскен үш этникалық қазақтың видеосы жарияланған еді. Олардың екеуі Қазақстан азаматтары, ал біреуі Ресей азаматы.
Ғалымжан Қойгелдиев бұл видеоны көргенін және жағдайдан хабардар екенін айта кетті. Оның сөзінше, азаматтар қазір Украинада, олардың соғысқа қатысу үшін барғаны анықталған.
Мәселе толық зерттеледі. Видеодағы ақпаратқа сәйкес, олар соғысқа қатысу үшін Украинаға барған. Бізде 170-бап (Жалдамалылық) және 172-бап (Шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу) бар, олар осы баптар бойынша қаралатын болады, – деді бас прокурордың орынбасары.
Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін Украинамен келіссөздер әлі басталмағанын мәлімдеді. Оған қоса бұл азаматтар өз еркімен кеткенін, мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары