6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерУкраинаның Жоғарғы радасының депутаты Алексей Гончаренконың мәліметінше, мемлекет басшысы Владимир Зеленский 2024 жылдың 31 наурызында өтетін президенттік сайлауға дайындалуды тапсырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол өзінің Telegram-арнасында жазды.
Бүгін Зеленский өзінің командасына 2024 жылдың 31 наурызында өтетін президент сайлауына даярлану туралы тапсырма бергенін мәлімдедім. Парламентсіз президент сайлауы, - деп жазды Гончаренко.
Депутаттың сөзінше, мемлекет басшысының кеңсесі сайлауды неғұрлым ерте өткізу жағын біраздан бері қарастырып жатыр. Ол қазіргі президент әскери қақтығыс кезінде өзінің жоғары рейтингі мен бәсекелестіктің жоқтығын пайдаланып қалмақ дегенді алға тартады. Бұған дейін мұндайды қарастырмайтынын айтып келген Зеленский соңғы кездері өз ойын өзгерткен. Депутат қазір физикалық тұрғыдан да, заңды тұрғыдан да сайлауды ұйымдастыру мүмкін еместігін тілге тиек етті.
Ал «Политика страны» басылымы Зеленскийдің мұндай бастамасына қатысты ешбір ресми дерек жоқтығын жазды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі