6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерУкраинаның Сыртқы істер министрі Андрей Сибига НАТО-ның штаб-пәтерінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
РБК-Украина агенттігінің мәліметінше, саясаткерлер Украинадағы «энергетикалық бітім» мен жер қойнауына қатысты келісімді талқылаған.
Мен НАТО штаб-пәтерінде Марко Рубиомен кездестім және Украинаның бейбіт бастамаларға берік бейілділігін растадым. Бұл мәселеде АҚШ-тың көшбасшылығын құптаймыз, – деп жазды Сибига өзінің Telegram-арнасында.
Кездесу барысында Сыртқы істер министрі АҚШ мемлекеттік хатшысымен Украинадағы энергетикалық бітім мәселесін және Ресей тарапынан келісімдердің сақталмауын сөз етті.
Украина бейбітшілікті толық қолдайды және оған қол жеткізу үшін нақты әрі сөзсіз қадамдар жасады, ал Ресей әлі де кідіріс жасауда, – деп түсіндірді Сибига.
Сондай-ақ, ол Рубионы Ресей тарапынан энергетикалық бітімнің соңғы бұзылу фактілері туралы хабардар етті.
Министр, бұған қоса, АҚШ-пен пайдалы қазбалар өндіру саласында және өзара тиімді инвестициялық әріптестікті дамытуға Украина мүдделі екенін растады. Оның айтуынша, бұл екіжақты серіктестікті тереңдетудің мықты негізі бола алады.
Біз сондай-ақ келесі украин-америкалық байланыстарды да талқыладық, – деп қосты Украина СІМ басшысы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі