22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕліміз үшін маңызды Сенат депутаттарының сайлауы өтіп жатқанын еске саламыз. Оның нәтижесі шыққаннан кейін Үкіметте жаңа 20 депутат қызмет ететін болады. Бұл туралы саясаттанушы Әділ Сайлаубек өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Саясаттанушы Сенат депутаттарын таңдау барысында Мәслихат депутаттары оң шешім қабылдаса екен дейді.
«Депутаттар сайлауы президент сайлауынан кейін жүретін заңды құбылыс. Бұл сайлаудың Президенттің реформаларын іске асырудағы маңызы зор. Ол мемлекетті жаңа саяси бастамаларға жолдау, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін өткізілуде. Дауыс беріп жатқан Мәслихат депутаттары дұрыс таңдау жасаса екен деймін. Өйткені бізге қолынан іс келетін, еліміздің жағдайын ойлайтын депутаттар керек. Өз басым бұрын сайланған депутаттарға сене қоймаймын», – деді ол.
Сонымен қатар Әділ Сайлаубек Үкіметтің құрамын жаңарту керегін атап өтті.
«Сайлау шынайы, ашық, әділ өтіп, Үкімет құрамының кем дегенде 60-70 пайызы жаңаруы тиіс. Қазіргі заман талабы, халықтың уәжі жаңа депутаттарды сайлау болып отыр. Қоғамда көзі ашық, саяси жағдайды түсіне білетін депутаттар келгенде ғана жақсы үрдістер, бастамалар мен жетістіктер болады деген ойдамын», – деді саясаттанушы.
Оған қоса ол жаңа депутаттардың келуімен елімізге біраз өзгеріс енеді деп сенеді.
«Егер сайланатын жаңа депутаттар өзіндік ұстанымымен, бағдарламасымен сәйкес жұмыс жасаса үлкен өзгеріс орын алады. Ол қарапайым халықтың әл-ауқатынан басталып, одан әрі экономикамыздың дамуына, мемлекетіміздің өркендеуіне дейін жеткізеді», – деді Әділ Сайлаубек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев