23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте электр энергетикасы, оның ішінде ЖЭК саласындағы жаңа жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері ұлттық энергетикалық желіні дамыту, жаңа энергия объектілерін іске қосу, қолданыстағы станцияларды жаңғырту және газға көшіру жөніндегі шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, Көкшетауда ЖЭО және Семейде ЖЭО-3, Қызылорда мен Түркістанда бу-газ қондырғыларын салу, сондай-ақ Алматы ЖЭО-2-ні жаңғырту, Екібастұз ГРЭС-2-ні қайта құру және т. б. мәселелер қаралды.
Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерінің, атап айтқанда гидроэнергетика жобалары талқыланып, шетелдік инвесторлармен ынтымақтастық жоспарлары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік