29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыВице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 3,9%-ды құрайды. Саланың биылғы экономикалық өсімінің міндеті – өткен жылдың көрсеткішіне +2%-ды қамтамасыз ету. Биылғы екі айда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3,2%-ға ұлғайып, 434,1 млрд теңге болды. АӨК субъектілерін ұзақмерзімді мемлекеттік қолдау тәсілдерін іске асыру есебінен жоспарланған индикаторға қол жеткізу қарастырылып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігін тыңдағаннан кейін вице-премьер өңірлердің алдына АШМ ұсынымдарын ескере отырып, егіс алқаптарын әртараптандыруды жалғастыру міндетін қойды.
Сұранысқа ие және жоғары маржалық дақылдарды өсіруге көшу керек. Бұл ауыл шаруашылығының экономикалық өсуін қамтамасыз ету бойынша қойылған индикаторды орындауға қол жеткізудің жалғыз жолы ғана емес. Үкіметтің инвестицияларға тапсырысы шеңберінде азық-түлікті қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобаларға өтінімдерді жинау бойынша жұмыс әлсіз жүргізіліп жатыр. Барлық өңірлер кәсіпкерлерге Аграрлық несие корпорациясы арқылы несиеге қол жеткізудің мүмкіндігі туралы хабарлауы қажет, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек