Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жұмыс тобы аясында Ұлттық экономика министрлігінің Салық және Бюджет кодекстерінің жобасының әзірлеу барысы туралы мәліметі тыңдады.
Ерұлан Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне бірлескен мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, қолданыстағы салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды экономика секторлары, оның ішінде банк секторы жағдайында олардың тиімділігі тұрғысынан талдауды, ақпан айының бірінші онкүндігінде талқылау үшін Салық және Бюджет кодекстері жобасының тұжырымдамалық мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Сондай-ақ Ерұлан Жамаубаевқа «Ұлттық қор – балаларға» жобасының жүзеге асырылуы туралы баяндалды. Бүгінгі таңда мүдделі мемлекеттік органдар тиісті нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге кірісті.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік