Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҮкіметте Премьер-министрдің орынбасары- - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға жағдайына әсер етудің негізгі факторлары және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар қаралды, деп хабарлайды El.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Кеңесте делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссиялар жұмысының нәтижелеріне баса назар аударылды.
Монополиялық жоғары бағалар мен баға келісімін белгілеу белгілері бойынша Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында құс фабрикаларына қатысты 7 тергеу басталды.
Кеңесте Сауда және интеграция министрлігі жасаған бағаларды тежеу жөніндегі жұмыстың тиімділігі бөлігінде әкімдіктер рейтингінің аралық қорытындылары айтылды.
Тауардың делдалдар арқылы жоғары үстемемен сұр схемалар бойынша өтуі – бұл мемлекеттік бақылаудың жоғалуының нәтижесі, бұл қазіргі шындық, бүгінгі бағаның қалай қалыптасып отырғаны, жер-жерде жауапты адамдардың азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстарын бірінші орынға қоймауы. Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар тауарлардың барлық тобы бойынша ЭШФ талдау бойынша жұмысты жалғастыруы тиіс. Сауда үстемесін бұзу тәжірибесін тоқтату керек, ол үшін барлық өңірлік комиссиялар Сауда комитетінің үйлестіруімен жұмыс алгоритмдерін қайта қарап, аптасына кемінде 2 рет отырыстарда бағаның күрт көтерілу себептерін талдап, анықтауы қажет, - деді Серік Жұманғарин.
Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі әрбір кеңесте отандық қант зауыттарына айналымдық қаржыландыруды бөлу процесіне және алдағы маусымаралық кезеңде көкөніс бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылады.
Бүгiн, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?