Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсҮкімет басшысы Әлихан Смайловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, қаржылық мониторинг агенттігі және т.б. ведомство басшылары қатысты.
Қатысушыларға «Астана қаласының ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясымен емлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартына отырған.
Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған келісімшартты республика заңнамасының нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды.
Сонымен қатар отырыста энергетика саласындағы жекелеген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару және қатты пайдалы қазбаларды барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселелері қаралды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды