2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПремьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері Мемлекет басшысы жариялаған «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы ауданы 68,5 мың шаршы метрден асатын EXPO саябақ аймағының аумағында қарағай, қайың және басқа да ағаш түрлерінің көшеттері отырғызылды. Көрме алаңын көгалдандыру жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 9,2 мың ағаш, 25,5 мың көпжылдық бұта отырғызылған.
«Таза Қазақстан» аясында «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» экологиялық акциясы өтуде. Бір апта ішінде барлық өңірлерде 200-ге жуық экологиялық іс-шара өтті.
Қоғамдық кеңістіктерді тазарту және ағаш отырғызу бойынша акциялар ұйымдастырылды, 5 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысандары ретке келтірілді, өзендер, көлдер және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 млн шаршы метрден астам аумақ тазартылды.
Жалпы биыл экология және табиғи ресурстар министрлігі өңірлерге 300 мыңнан астам көшет жіберді. 2024 жылы қалалық орта мен экология саласындағы мәселелерді шешуге өтінім беруді жеңілдету үшін @TazaQazBot чат-боты жұмыс істейді.
«Таза Қазақстан» бастамасы іске қосылған сәттен бастап оған 6 млн-нан астам адам қатысты. Бір жыл ішінде шамамен 1,6 млн жасыл желек отырғызылып, 5,8 млн шаршы метрден астам жағалау аймақтары ретке келтірілді, 1,1 млн тонна қоқыс жиналды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова