Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР Үкіметінің 26 шілдедегі № 612 қаулысына сәйкес, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында екіжақты виза режимі туралы келісім бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Тараптар уағдаласқан келісімнің 2-бабына сәйкес, екі ел азаматтары іскерлік мақсатпен, жұмыс бабымен, жеке іспен, емделуге немесе турист ретінде барған жағдайда визалық талаптар алынып тасталды. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күннен аспайтын кезеңге ел аумағында бола алады. Егер уағдаласушы елдердің азаматтары келісімнің 2-бабы 1-і тармағында көзделген яғни мемлекетке барудағы мақсаты мен мерзімі сәйкес келмеген жағдайда алдына ала визаға өтініш беруі тиіс», - делінген ресми құжатта.
Қазақстан азаматтарынан талап етілетін құжаттар:
- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасына қайтып оралу туралы куәлік.
Қытай азаматтарынан сұралатын құжаттар:
- Қытай Халық Республикасы азаматының жартылай қызметтік паспорты;
- Қытай Халық Республикасы азаматының паспорты;
- Қытай Халық Республикасының уақытша жол жүру құжаты.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары