23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Парламенті Сенатында өткен брифинг барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов еліміздің кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz.
Әлихан Смайылов өнеркәсіптік нысандарда орын алып жатқан қайғылы оқиғалар мен төтенше жағдайларға Үкімет тиісті назар аударып отырғанын айтты.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қатысты айтатын болсақ, оның иелері тарапынан жасалған барлық іс-әрекеттерге немесе әрекетсіздігіне құқықтық баға беріледі», — деді ол.
Премьер-Министр Үкімет осы бағытта бірқатар қосымша шаралар қабылдайтынын атап өтті.
«Қазір осы саланы реттеуді жетілдіру бойынша заңнамаға қосымша нормалар дайындалып жатыр. Атап айтқанда, осындай өнеркәсіптік өндірістердің меншік иелері мен басшыларының жауапкершілігі арттырылады. Сондай-ақ мемлекет тарапынан бақылау шаралары күшейтіледі», — деді Әлихан Смайылов.
Оның айтуынша, мұндай компаниялардың жаңғырту мен техникалық қайта жарақтандыруды жылдық жиынтық табыстың кемінде 1%-ы деңгейінде қаржыландыру міндетін заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылды.
«Бұдан басқа, жаңа технологияларды ескере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздікке қойылатын барлық талаптар қайта қаралады. Осы және басқа да қосымша нормалар пысықталып жатыр», — деді Премьер-Министр.
Мәселен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Қылмыстық және Кәсіпкерлік кодекстерге, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.
Әлихан Смайылов республикада заңнамаға сәйкес жыл сайын техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспары әзірленетінін айтты.
«Биыл 2,5 мың техникалық құрылғыны ауыстыру және 100-ден астам технологиялық желіні жаңарту көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстар да күшейтіледі», — деп түйіндеді ол.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабард
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады