23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. Осыған байланысты Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген институт құру туралы қаулыны бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғылыми-зерттеу институты Каспий теңізінің экологиялық, су деңгейінің төмендеу проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мәселелерін, ихтиофаунаны, Каспий су айдыны мен жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ, Каспий аумағындағы шекаралас мемлекеттердегі әріптестерімен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.
Институт Каспий теңізінің экожүйесі туралы шынайы және жан-жақты ақпарат береді. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болады. Ғылыми ұйым құру сонымен қатар Каспийді сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.
Осыған дейін Мемлекет басшысы теңізді сақтау мақсатында Каспийді зерттеумен айналысатын ғылыми институт құру жөнінде тапсырма берген болатын. Мұндай ұйымдар Каспий маңындағы басқа елдерде де бар. Институтты құру бар проблемаларды кешенді түрде зерттеуге, ауқымды міндеттерді шешуге, халықаралық ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді, - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік