22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыПремьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласын дамытудың өзекті мәселелері және осы жылдың 27 қаңтарында мегаполиске жұмыс сапары аясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық мемлекеттік органдар мен қала әкімдігінің басшылары қатысқан кеңесте тұрғын үй, автожол, «Жұлдыз», «Бозарық» және «Тассай» индустриялық аймақтарының инженерлік инфрақұрылымын салу, «Сайрам» елді мекенінде жылыту жүйелері мен сорғы стансаларын реконструкциялау, қазандықтарды жаңғырту, сумен жабдықтау нысандарын және Алматы тас жолы бойындағы «Тұран» магистральдық кәріз коллекторын салу бойынша шаралар қаралды.
Премьер-Министр Энергетика министрлігіне Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуаттылығын бұрын жоспарланғандай жылына 9 млн тонна емес, қазіргі 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру тәсілдерін қайта қарау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ бұл жұмысты жаңадан салынатын қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысымен қатар жүргізу керек.
«Бізге шала-шарпы жұмыстың керегі жоқ. Бұл жобаға қомақты қаржы құйылады, сондықтан қуаттылықты жылына 6 млн тоннаға дереу арттыру қажет. ЖЖМ-ге деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Экономика өсуде, халық саны көбейіп, кәсіпорындар өздерінің айналымын арттыруда. Бұл процестердің бәрін, оның ішінде ЖЖМ өндірісін ұлғайту арқылы қолдау қажет», — деді Әлихан Смайылов.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев