23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет басшысы өз құттықтауында мұсылхан халықтары үшін асыл мерекенің маңызына тоқталып, ізгі мейрамның ерекшелігінің атап өтті.
Құрметті отандастар! Сіздерді жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ежелден елдің ынтымағы мен мерейін асыратын, адам баласын татулық пен ауызбіршілікке шақыратын ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш лебін сыйлайды. Ізгілікке, қайырымды істерге жол ашады. Сондықтан да ол әрбір жанның жүрегінен ерекше орын алады. Біздің рухани құндылықтарымызбен бірге жасай бермек. Әрдайым отбасының берекесі мен елдің игілігі үшін жасаған ниеттеріңіз қабыл болсын. Құрбан айт үйлеріңізге құт-береке алып келсін. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін, - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін Қазақстан халқын мемлекет басшысы құттықтап, Әзірет Сұлтан мешітіне арнайы барған болатын.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады