15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов сайлауда өз таңдауын жасады, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Үкімет басшысы елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.
«Бүгін еліміз үшін өте маңызды күн. ҚР Президентінің сайлауы. Бүгінгі күн еліміздің алдағы 7 жылдағы даму бағытын айқындайды. Сондықтан әр азамат сайлауда дауыс бергені дұрыс. Егер біз еліміз одан әрі өсіп, өркендей берсін десек, онда барлығымыз азаматтық белсенділік танытуымыз керек. Дауыс берушілер Мемлекет басшысы болуға лайықты кандидатты өздері таңдайды», - деді Әлихан Смайылов БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере тұрып.
Оның айтуынша, қазақстандықтар сайлауда өзі сенетін, мықты кандидатты таңдауы тиіс.
«Мен өз таңдауымды жасадым. Барлық азаматтарды өз дауысын беріп, сайлауға белсене қатысуға шақырамын», - дейді ол.
Бұған дейін аталған сайлау учаскеде мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин дауыс берген еді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады