28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҮкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов жауапты министрлер мен облыс әкімдерінің назарын стансаларды отын қорымен қамтамасыз етуге аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуіне байланысты сұрақтар туындап отырғаны баса айтылды.
Мәселен, Энергетика министрлігі стансаларға арналған мазутты тым кеш, яғни 15 тамызда үлестіріп берді. Логистиканы, қауырт жұмыс барысында туындайтын цистерна мен вагон тапшылығын және басқа да мәселелерді ескеретін болсақ, мазут пен көмір қоры уақтылы дайындалады дегенге сену қиын.
Біз Үкіметте көмір тасымалында дүрбелең туғызбай, вагон тапшылығын болдырмау үшін шарттарды ерте жасау, жеткізу кестелерін бекіту қажеттігі туралы бірнеше рет айттық. Өнеркәсіп және көлік министрліктеріне көмір мен мазут жеткізу бойынша ҚТЖ мен өңірлердің міндеттемелерін орындау мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын, – деп атап өтті Олжас Бектенов.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?