30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҮкіметте Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте көлік, байланыс және отын-энергетика кешендеріндегі бәсекелестікті дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) төрағасы Марат Омаров экономиканың базалық салаларында негізгі тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі, Үкіметпен бірлесіп жүргізіліп жатқан жұмыстар және бәсекелестікті дамыту жөніндегі жарлықтардың жобаларын әзірлеу қажеттілігі туралы айтты.
Азаматтық авиацияны дамыту шеңберінде барлық тасымалдаушыларға «Ашық аспан» режимінің қолжетімділігін толық қамтамасыз ету және авиациялық отын жеткізу нарығында бәсекелестікті дамыту мәселелері пысықталатыны атап өтілді. Сонымен қатар динамикалық баға белгілеу жүйесі реттеліп, НҚА-дан «отын алымы» түсінігі алынып тасталады. Бұл билет бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермейді.
Байланыс нарығының шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобын демонополизациялауды аяқтау, сондай-ақ 5G желісіндегі жиіліктерді ұсыну бойынша оларға иелік ететін компаниялардың аукциондарға қатысуын шектеу жоспарланып отыр.
Көмір нарығындағы бәсекелестікті дамыту аясында аймақтық операторларға коммуналдық-тұрмыстық көмірді тікелей жеткізуді ұлғайту және 2024 жылға қарай онымен биржалық сауда-саттық нормативін арттыру, сондай-ақ нарыққа баламалы жер қойнауын пайдаланушыларды жіберуді кеңейту жоспарланып отыр.
Премьер-министр энергетикалық көмір бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар кеңес барысында мұнай өнімдерінің көтерме сауда саласындағы барлық процестерді автоматтандыру (ЖҚС тарапынан түскен өтінімдерді онлайн тіркеу және т. б.), Бірыңғай электр энергиясын сатып алушының сатып алуларындағы ашықтықты қамтамасыз ету, ҚТЖ ұлттық операторы аясында жеке теміржол тасымалдарын дамыту, сондай-ақ тасымалдау процесін жоспарлау және басқару процестерін автоматтандыру жөніндегі шаралар талқыланды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды