18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Орталық Азия форумында ҚР Түркияның 11-ші президенті Абдулла Гүл геосаяси сілкіністің алдын алу үшін ашық қоғамды дамыту қажет екенін жеткізді. ҚР Президентінің бастамасы мен реформалары жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Біздің әлем қазір тез дамып жатыр. Қауіпсіздік саласы бойынша геосаяси сілкініс жағдайындамыз. Биыл біздің дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толып отыр. Бауырлас елдердің ынтымақтастығы жоғары екені қазіргі геосаяси жағдайдағы тыныштықтан көре аламыз. Қазақстан Президентінің мемлекетті басқарудағы саяси шешімдері өте құнды. Соның бірі - БАҚ әлеуетін күшейту үшін ұйымдастырылып отырған форум өңірлік ерекше бастама. Ортақ ақпараттық кеңістік құрылатын болса, халықаралық ынтымақтастық нығая түседі. Цифрлық билік территориялық аумақтық тыныштыққа әсер етті.
Мысалы, қаңтар оқиғасында Қасым-Жомарт Кемелұлының қабылдаған шешімдері ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осы контексте жаңа әлем құру керек. Үкімен журналистерден қорықпауы немесе жасырынбауы қажет. БАҚ пен үкімет бірге болса қоғам мемлекеттік мәселелерді дұрыс түсініп, қолдайтын болады», деді фотожурналистикамен әуестенетін, жаңа медиаға жаны жақын Абдулла Гүл.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр