13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАмерикалық әнші Уитни Хьюстонның (2012 жылы қайтыс болған) мұрагерлері Primary Wave Music және Park Avenue Artists компанияларымен бірлесіп, әншінің жасанды интеллект (ЖИ) арқылы қалпына келтірілген дауысын қолданатын концерттерді ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Іс-шара АҚШ-тың жеті қаласында өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Variety журналының дерегінше, Хьюстонның мұрагерлері әншінің дауысын қайта сахнаға «шығару» үшін арнайы жоба қолға алған. Олар Moises музыкалық платформасына ЖИ негізіндегі дыбысты бөлу технологиясын енгізіп, Хьюстонның түпнұсқа жазбаларынан вокалды бөліп алу мүмкіндігін жасаған. Бұл тәсіл әншінің дауысымен сүйемелденген тірі оркестрлік концерттер өткізуге жол ашады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара Хьюстон шығармашылығын сүйетін жанкүйерлерге оның дауысын қайтадан естігендей әсер сыйлайды.
Бұл – ерекше жоба: ескі тыңдармандар үшін шынайы сыйлық әрі жаңа буынға әншінің дауысын таныстырудың қуатты тәсілі, - делінген жарияланымда.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды